×

Сот Бақытгүл Хаменованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады - видео

Аппеляциялық сот бұған дейінгі сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

Сот Бақытгүл Хаменованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады - видео
kazpravda.kz

Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісіне байланысты үкім шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 

Апелляциялық сотта Хаменоваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Хаменова сотта соңғы сөзін айтты.

"Бүгінде қарға қарғаның көзін шұқыған жоқ. Өңірдегі судьялардың дербес, әділ шешім шығаруда ешқандай билігі жоқ екендігіне көз жетті. Өңірдегі құқық қорғау органдарына​ сенің ақиқатыңның құны көк тиын. Менің ешкімім жоқ. Оны бәрі біледі. Ендігі үміт тек Жоғарғы сотта. Адамның сотынан құтылғанмен, Алланың сотынан ешкім құтылмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін", - деді Бақытгүл Хаменова журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнату бойынша 145 миллион теңге сомасына "мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды" деген күдікке ілінген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →