×

Теңіз шошқасын оқушылармен бірге сойған биология пәні мұғалімі жұмыстан кетті

Оқиға 17 ақпан күні 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болғаны анықталды

Теңіз шошқасын оқушылармен бірге сойған биология пәні мұғалімі жұмыстан кетті
коллаж Qaz365.kz

Теңіз шошқасын оқушылармен бірге сойған биология пәні мұғалімі жұмыстан өз еркімен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен білім басқармасының қызметкерлері жарияланған бейне бойынша мән-жайларды анықтау үшін Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің біріне барды.

Бұл оқиға 17 ақпан күні 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болғаны анықталды. 

Мұғалімнің айтуынша, оқушылар «анатомия және физиология» бөлімінде теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсетуді сұраған.

Департамент пен білім басқармасының қызметкерлері бұдан былай мұндай оқиғаға жол бермеу бойынша ұстаздармен әңгімелесті.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту, табиғатқа аялап қарау және жануарларға қатыгездіктің алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →