×

Бас әскери прокуратура Бекбол Мираштың өліміне қатысты түсініктеме берді

Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді

Бас әскери прокуратура Бекбол Мираштың өліміне қатысты түсініктеме берді
Фото: Facebook/Бибигуль Рамазан

Бас әскери прокуратура "Шөлдала" шекара заставасында өзіне қол жұмсаған Бекбол Мираштың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы дерек расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі танылып отыр. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

“Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған.

Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды.

Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →