×

Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген

Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған

Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген
Сурет: Бейнеден кадр

Степногорскіде есірткі өсірумен айналысқан ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Степногорск қаласында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматы үйінде марихуана өсіретін жасырын зертхана ашқан. Сол пәтерде оның 5 баласы да тұрған.Тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошам, желдеткіш құрылғы және басқа да техникалық жабдық, тыңайтқыш пен химиялық реагент, марихуана бұтасы, тұқым салынған пакет тәркіленді. Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырғанын», - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Кеше, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →