×

Ресей Украинаға жасаған агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады - Энтони Блинкен

Сондықтан барлық мемлекет жиналып, бұған "жоқ" деуі маңызды

Ресей Украинаға жасаған агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады - Энтони Блинкен
orda.kz


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей Федерациясына салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін бағалады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның пікірінше, санкция ықпалын барлық ел, соның ішінде Орталық Азия да сезінеді.

"Ресей агрессиясы Украинаға ғана емес, басқа елдерге де ықпал етіп жатыр. Біз С5+1 елдеріне жаңа сауда әріптестіктерін дамытуды қолдаймыз. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен аймақ елдерімен қалай жұмыс істейтініміз туралы сөйлестік. Оған 25 миллион доллар бөлдік. Сонымен бірге жаңа жолдар мен жаңа экспорттық нарықтарды іздеп жатырмыз. Біз Ресей санкцияларының салдары қандай болатынын жақсы түсінеміз", - деп жауап берді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Сонымен қатар Энтони Блинкен "Ресей Федерациясы тарапынан Орталық Азияға қауіп төніп тұрған жоқ па?" деген сұраққа да жауап беріп, мәселеге тоқталды.

"Бізді алаңдатып отырған мәселе тек Ресейдің Украинаға агрессиясы және Ресейдің онда жасап жатқан барлық сұмдық әрекеті емес, БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына қарсы агрессиясы. Біздің принциптеріміз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған деп санаймыз. Соның ішінде Сіздің аймағыңызда да. Сондықтан барлық елдің бірігіп, Ресей агрессиясына қарсы тұруы Украинаны қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге осы принциптер үшін маңызды. Егер олар бұзылса, Ресей өз агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады. Сонда кейбір елдер Ресейге қарап, "Ресейдің қолынан келсе, біз де істей аламыз" деп ойлауы мүмкін. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Сондықтан барлық мемлекет жиналып, бұған "жоқ" деуі маңызды», – деді Энтони Блинкен.

Хатшының айтуынша, ол Ресей Федерациясының алдағы жоспарлары туралы білмейді, бірақ бәрі Украинадағы жағдайдың шешілуіне байланысты екеніне сенімді.

"Ресейдің қандай да бір идеялары мен жоспарлары туралы нақты айта алмаймын, бәрі Украинада болып жатқан жағдайға байланысты. Бірақ біз бәріміз бірге Ресей бұзып отырған принциптерді қорғауға тиіспіз және бұл бізге бейбіт өмір сүруге мүмкіндік береді", - деді Энтони Блинкен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →