×

Алматыда 133 мың оқушы - сіздің балаңыз тегін тамақтана ма

Мегаполис мектептеріндегі оқушылардың 40%-ын қамтиды

Алматыда 133 мың оқушы - сіздің балаңыз тегін тамақтана ма
Ашық дереккөздерден

Тегін тамақпен қамтылған алматылық оқушылардың үлесі 40%-ға жуықтады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы оқу жылында 133 мың оқушы мектеп асханасында тегін тамақтана алады. Олардың арасында 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыдан шыққан 5-11 сынып оқушылары бар.

1 қыркүйекте басталған бұл бастама алматылық отбасылар үшін айтарлықтай көмек. Алматыда 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша алғашқы пилоттық жоба қала әкімі Ерболат Досаевтың мұрындық болуымен ел көлемінде алғаш рет жүзеге асты.

«Бірыңғай стандарттарға сәйкес, 4 апталық тегін тамақтану мәзірі бекітілді. Ол білім басқармасының және білім беру ұйымдарының сайтында жазылған. Қазір мектептерде тамақтану сапасына күнделікті мониторинг жүргізетін комиссия бар. Құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар бар», - деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →