×

БҰҰ: Соғыс басталғалы бері Украинада 8100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Олардың арасында 488 бала бар
 

БҰҰ: Соғыс басталғалы бері Украинада 8100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты
cbc.ca

Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар туралы бұл деректерді БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Дождь" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұйымның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 488 бала бар, тағы 13 479 адам жарақат алған.

"Ресей шапқыншылығы басталғаннан бері бейбіт тұрғындар арасындағы жалпы шығын - 21 580 адам", - деп хабарлайды ұйым. 

"Бейбіт тұрғындар арасында тіркелген құрбандардың көпшілігі кең ауқымды жарылғыш заттардан, соның ішінде ауыр артиллериялық бомбалаудан, зымырандар мен реактивті жүйелерді қолданудан және әуе шабуылдарынан жер жастанды", - деді БҰҰ.

"Құрбан болғандардың нақты саны едәуір жоғары, өйткені кейбір қарқынды ұрыс болған жерлерден мәлімет алу қиын болды, көбінесе кешіктіріліп келді, тіпті, көптеген хабарламалар әлі күнге дейін расталмады да. Бұл негізінен Мариуполь, Лисичанск, Попасная және Северодонецк қалаларына қатысты", - деп атап өтті ұйымдағылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →