Шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді
Энтони Блинкен барлық басқа елдер сияқты, Қазақстан да өз болашағын ерікті түрде айқындай алатынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Ол АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындағанын тілге тиек етті (бірақ мұны Түркия жасаған болатын).
Содан кейін Блинкен төрт сұраққа жауап беруге келісті – оның екеуі шетелдік, екеуі қазақстандық БАҚ-тан.
Шетелдік БАҚ-тың сұрағына жауап бере отырып, Блинкен Қытайдың ажал оғын себетін қаруын Ресейге гипотетикалық жеткізуге алаңдаушылық білдірді.
Ол АҚШ-тың "Қытайға өте нақты ескерту жасағанын" және егер олардың жеткізіп бергені анықталса, "қытайлық компанияларды жазалау үшін қолдан келгеннің бәрін" жасайтынын айтты.
ЕАЭО және ҰҚШҰ-ға кіретін елдер өкілдерінің арасында тұрған Блинкен оларды күш біріктіріп, Ресейге қарсы шығуға шақырды.