×

Димаш Құдайберген Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ

Өз өнеріңді менің әніммен орындап, мені де марқайттың

Димаш Құдайберген Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ
Коллаж Qaz365.kz

Димаш Құдайберген Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол олимпиада чемпионын құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

"Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион етіп ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлады. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Өз өнеріңді менің әніммен орындап, мені де марқайттың. Елге жетіп алайық, темір тұлпарды табыстаймын", – деді Димаш.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды. Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тарихында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін 32 жыл бұрын Олимпиада ойындарында еліміз атынан алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінген спортшы – 1994 жылы алтын медаль алған шаңғышы Владимир Смирнов еді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →