×

“Келіспес ұлттар болса қырын жүрсін” деген Ринат Зайытовтың пікірі неге өзгерді


Жалпы, Ринат Зайытов айтысып жүрген кезінде орысша қала атауларын қазақшаға ауыстыруды бірнеше рет жырлаған

“Келіспес ұлттар болса қырын жүрсін” деген Ринат Зайытовтың пікірі неге өзгерді
фото: ашық дереккөзден

Кеше Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тілшілерге Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруға қатыстыруға пікір білдірген. Сол кезде ол мұндай бастаманы мәслихат депутаттары көтеру керектігін, Парламентте қозғауға болмайтынын айтқан. Тіпті, бұл отқа май құю деген. Ал айтыскер Ринат бұрын басқаша көзқараста болыпты, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Жалпы, Ринат Зайытов айтысып жүрген кезінде орысша қала атауларын қазақшаға ауыстыруды бірнеше рет жырлаған. Мысалы, әлеуметтік желіде 2018 жылы наурыз мерекесінде Сегіз серінің 200 жылдығына арналған айтыста Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгеруді сол жылдан қалдырмауды өзгертуді талап еткен видеосы тарады. Сол кезде  оған Renault Duster автокөлігі берілді. Финалда Біржан Байтуовпен айтысқан. 
Ринаттың айтысынан үзінді мынандай:


Бұл дала қасиетті өңір еді, 
Бірақ та көп атауы әлі орысша
Соны ойлап қабырғамыз сөгіледі. 
Пресновка, Сергеевка, Булаева, 
Осылай ауыл аты өріледі.
Яблонька, Мамлютка тағы да бар
Көргенде көздің жасы төгіледі.
Жетпіс жыл сабағаны аз ба орыстың,
Қашанғы қазақтығым көміледі. 
Кей кезде Қазақстан шекарасы 
Тайыншадан бітетіндей көрінеді. 
Орыстың қай баласы қай заманда, 
Бұл жерде қорғаймын деп өліп еді.
Қаланы Қызылжар деп атау керек
Келіспес ұлттар болса қырын жүрсін.
Ол атты биылдан-ақ қалдырмайық, 
Үкімет назарына іліндірсін.
Себебі, биыл Путин келеді екен
Сол кезде ол да көзін сұріндірсін,
Елімнің азаттығын бар екенін
Жерімнің атауын біліп жүрсін.

 

Айта кетейік, өткен аптада желіде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында “Халық кеңесі” құрылды деген видео тараған.
Жиналғандар өзін «Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.
Кейін сепаратистер кешірім сұрап, ұйымның белсенділері өз әрекеттерін түсіндіруге тырысып, оппозиция жетекшісі Мұхтар Әблязовті және видеоны жариялаған “Бәсе” каналын жала жапты деп айыптады.

ҰҚК мен Солтүстік Қазақстан полициясы сепаратизмді насихаттау фактісі бойынша тергеу бастады

Осы мәселе қоғамда қызу талқыға түсті. Депутаттар да пікірін білдіріп жатты. Кеше Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер Ринат Зайытовтан солтүстіктегі қала атауларын өзгерту керек пе деп сұраған. Ол мәслихат бастама көтерсе дайын екенін, бірақ дәл қазір “отқа май құю қажеті” жоғын да еске салып өтті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →