×

Тағы да төбелес: Қызылордада мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді

Колледж студенті інісіне жақтаспақ болған

Тағы да төбелес: Қызылордада мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді
ашық дереккөзден

Қызылордада тағы кәмелет жасына толмағандар арасында төбелес шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Кеше кешкілік сағат 17:00 шамасында Ақмешіт мөлтек ауданында №136 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы мен №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы ерегескен. 

Қызылорда қалалық білім бөлімінің айтуынша, №136 мектепте оқитын інісіне жақтасқан “Орда” колледжінің студенті оқушыны соққыға жығып, әлімжеттік көрсеткен.

“Салдарынан №9 мектептің оқушысы жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімге аурухана қызметкерлері тарапынан тиісті көмек көрсетілді”, - делінген мәлімдемеде. 

Аталған дерек бойынша бүгінде тергеу жүргізілуде, күдікті жасөспірім ата-анасының қарауына тапсырылған. 

“10 сәуірде сағат 17:35 шамасында полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабарлама түсті. Салдарынан олардың бірі жарақат алып,  ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  293-бабының (Бұзақылық)  бойынша Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды”, – деді полиция департаментінен.

Қызылордада жасөспірімдер төбелесі жиілеп кетті. Естеріңізге сала кетсек, оқушылар арасындағы жанжал Қазалы, Жалағаш аудандарынан да шыққан болатын. Тіпті жасөспірімдер баланы тепкілеген видеоны желіде мақтанышпен бөліскен. Оқиғадан кейін бірқатар сала басшылары қызметтен алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →