×

Путин күзде Қазақстанға келмек

Кездесу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мәскеуге ресми сапары аясында өтуде

Путин күзде Қазақстанға келмек

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің консультациялары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мәскеуге ресми сапары аясында өтуде.

Мұрат Нұртілеу Ресей әдеттегідей Қазақстанның негізгі стратегиялық және бас экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Екі елді достық пен татулыққа негізделген ұзақ мерзімді әрі берік қарым-қатынас байланыстырады.

"Өзара іс-қимылдың қарқынды сипаты мен екі елдің мемлекет басшылары арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында қарқынды, сенімді және сындарлы екіжақты саяси диалог жолға қойылды. Екіжақты сауда - экономикалық байланыс орнатылып, берік шарттық-құқықтық база құрылды", - деді еліміздің сыртқы істер министрі.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, биыл күзде Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға дайындығын растау бағытына алғыс білдіреміз. Ол сапар аясында жемісті келіссөздер өтіп, өңіраралық форум ұйымдастыра аламыз деп ойлаймын. Аталған маңызды іс-шараны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Форум Қостанай қаласында өтеді", - деп толықтырды Мұрат Нұртілеу.

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптесін жуырда өткен парламенттік сайлау және Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

"Біз президенттеріміз қол жеткізген уағдаластықтарды орындау, екіжақты қарым-қатынас сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс істеуді жалғастыратынымызға сенімдімін. Сізде өте бай жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде сыртқы саясат саласында. Одақтас, стратегиялық әріптестік қарым–қатынасты одан әрі дамыта беретінімізге сенімдімін", - деді Ресей СІМ-нің басшысы.

Сыртқы істер министрлерінің консультациялары "тет-а-тет" режимінде және кеңейтілген форматта өтуде. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлеуметтік көмек алу үшін ақы төлеуді тоқтату керек – депутат
Кеше, 17:35

Әлеуметтік көмек алу үшін ақы төлеуді тоқтату керек – депутат

Бұл отбасыларға қосымша қаржылық ауыртпалық әкеледі
Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс
Hugo Boss шағымынан кейін тексеріс жүргізілген
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →