×

Матвиенко Қазақстанды ұлттық валютамен есеп айырысуға көшуге және долларсыздандыруды жеделдетуге шақырады

Матвиенко ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті

Матвиенко Қазақстанды ұлттық валютамен есеп айырысуға көшуге және долларсыздандыруды жеделдетуге шақырады
zakon.kz

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД) Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко Қазақстанды ұлттық валютамен есеп айырысуға көшуге және долларсыздандыруды жеделдетуге шақырады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоғарғы палата спикері екіжақты экономикалық байланыстарды, оның ішінде Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы алыс-берістің артуына Парламенттің үлесін, сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара есеп айырысудағы ұлттық валютаның рөлін арттыру мәселесін қозғады және Ресей-Қазақстан экономикалық қатынастарын долларсыздандыруға шақырды", - делінген хабарламада.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті.

Тараптар екі елдің қарым-қатынасы табысты әрі тиімді екіжақты өзара іс-қимылдың үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Матвиенконың айтуынша, Ресей мен Қазақстан шынайы тең құқылы одақтастар мен интеграциялық серіктестер.

"Трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау, есірткінің заңсыз айналымымен бірлесіп күресу және шекара маңындағы серіктестіктерді дамыту мәселелері басым міндеттермен белгіленді", – деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат өкілдері Қазақстанда жетекші ресейлік жоғары оқу орындары филиалдар желісін кеңейтуді, ақпарат алмасуды және азаматтарға зейнетақы есептеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуды, табиғат қорғау саласындағы бірлескен қызметті, оның ішінде РФ мен ҚР шекаралас аймақтарында туристік маршруттарды дамытуды талқылады.

Сонымен бірге, Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →