×

Сара Назарбаева бірнеше жыл бұрын өзінің "Қонақай" тегін қайта алғаны белгілі болды

Ресми құжаттарға сүйенсек экс-президенттің жұбайы тегін 2005-2012 жылдар аралығында ауыстыруы мүмкін

Сара Назарбаева бірнеше жыл бұрын өзінің "Қонақай" тегін қайта алғаны белгілі болды

БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы өз тегін алғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, Сара Алпысқызының  атына "Назарбаева Сара Алпысқызы" жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Алайда оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы көрсетіліпті. Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрғанға дейін оның тегі "Қонақай" болған екен. 

Ресми құжаттарға сүйенсек, экс-президенттің жұбайы тегін 2005-2012 жылдар аралығында ауыстыруы мүмкін. Себебі ол 2012 жылдың 4 ақпанында жарияланған "Халық-Life" Халық банктің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы" АҚ-да үлестес тұлғалар тізімінде Қонақай тегімен көрсетіліпті. 

Ал 2005 жылдың 19 қыркүйегінде Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі "Алмэкс" Холдинг тобы" АҚ-ның үлестес тұлғасы ретінде Сара Алпысқызы "Назарбаева" деген текпен тіркелген.

Әйткенмен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның ресми ажырасқаны туралы ақпарат жоқ. Ал "Бөбек" қайырымдылық қорының Instagram-парақшасында деректер 2018 жылдың 15 сәуірінен бері жаңартылмаған, мұнда оның тегі Назарбаева деп көрсетілген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →