×

Тоқаев Алматы қаласының әкіміне нақты тапсырма берді

Шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасын тыңдады

Тоқаев Алматы қаласының әкіміне нақты тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі akorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда:

▪️қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеген, ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шыққан;
▪️биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланған;
▪️факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінген;
▪️өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылған;
▪️газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр;
▪️жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады;
▪️1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →