×

«Алғаш рет жасалды»: Алматыда дәрігерлер екіге бөлінген саусақты жалғады

9 жастағы бала көшеде алған жарақаттан саусағы бөлініп қалған

«Алғаш рет жасалды»: Алматыда дәрігерлер екіге бөлінген саусақты жалғады
Коллаж: aiqyn.kz

Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында дәрігерлер екіге бөлініп қалған саусақты жалғады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ел көлемінде  алғаш рет қол саусағын реплантациялау бойынша күрделі операция өтті. 9 жастағы бала көшеде алған жарақаттан саусағы бөлініп қалған. Дәрігерлер толықтай бөлініп қалған 5-ші саусақты қайта жалғап, аман алып қалды.

«Шұғыл операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Садырбалин Ерлан, микрохирургтер Косарев Сергей және Смолянкин Александрмен бірлесіп орындады. Саусақты құтқару мүмкіндігі өте аз болды. Екі профильді мамандардың бір уақытта қатысуы, олардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында үзілген саусақты қалпына келтіру бойынша ең күрделі операцияны сәтті орындау мүмкін болды. Мұндай операцияларды Қазақстанда санаулы мамандар орындай алады.  №2 БҚКА дәрігерлерінің бірегей тәжірибесі мен біліктілігі бар», – деді Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Операция үздіксіз шамамен 5 сағатқа созылған. Дәрігерлер саусақты сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, тіндер мен тамырларды операциялық микроскоппен тігіп, зақымдалған саусақтың артерияларын, өте кішкентай диаметрлі жүйке талшықтарын біріктірген. Жалғанған саусақта сүйектен басқа сіңірлер, тамырлар және қан айналымы қалпына келтірілген. 

«Мұндай операцияны жүргізу үшін заманауи микрохирургиялық техника қажет: микроскоп, микрохирургиялық құралдар және өте жұқа тігіс материалы қажет, оны жай көзбен көру қиын, мұның бәрі бізде 2-ші балалар ауруханасында бар. Бізге диаметрі 1.2 мм болатын тамырларды тігуге тура келді.  Мұндай операцияларды тиісті дайындықсыз, жабдықтарсыз, құралдарсыз және шығын материалдарынсыз жүргізу мүмкін емес», – деді №2 БҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин. 

Кәсіби түрде орындалған реплантация ықтимал тәуекелдерді болдырмауға, қолдың зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын, сезімталдығын қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Жалғанған саусақ толығымен тамыр алып, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →