×

Ақтөбеде «Бақытты отбасына» іліккендерге тиесілі үйді өзгелерге беріп жіберген

Былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алуға байқаудан 344 отбасы өтіпті

Ақтөбеде «Бақытты отбасына» іліккендерге тиесілі үйді өзгелерге беріп жіберген

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алмақ болғандар баспана жетпей қала ма деп қорқады. Себебі, «Бақытты отбасы» бағдарламасына іліккендерге арналған үйді әкімдік өзге біреулерге беріп жіберген. Енді пәтерін даулағандар таң атысымен әкімдікке жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Жанар Нәрікбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны: - Қазіргі таңда өтіп отырған 344 анамыз, бізге айтқан есебі бойынша. Бірақ мына 36,37,22 үйді қосқанда бар болғаны 142 пәтер, оның өзінде 48 пәтерді апатты деді төтеншеліктер. Мен өз көзіммен көріп, кілтті тапсырып жатқанын видеоға түсірдіп қайттым. Бізге нақты жауабын берсін! Қашан конкурс ойнатады? Неше пәтер беріледі? Қанша адам өтеді? Өтпей қалғандар не істейді?

Былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алуға байқаудан 344 отбасы өтіпті. Олардың барлығы мүгедек бала бағып отырған және көпбалалы аналар. Әзірге құрылысы біткен үйлерден оларға 150-дей пәтер бөлінген екен. Бірақ соның қырықтан астамын үйі құлағылы тұрған тұрғындарға беріп жіберді. Енді айналдырған 114 пәтер кімге жетеді деп налиды жиналғандар. Ал шенеуніктер болса былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарты өзгергенін алға тартады. Бұрын ескі үйден де пәтер алуға рұқсат бар болса, енді мемлекеттік бағдарламамен тек жаңа үйден ғана пәтер беріледі екен. Онымен қоса, байқаудың екінші іріктеу кезеңі бітпеген. 344 отбасының табысын әлі банк тексеруі қажет дейді әкімдіктегілер.

Жандос Әлімов, Ақтөбе тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы: - Бұл кісілер нақты мына үйдің, мына үйдің иесі деп айта алмаймыз. Бұл кісілерге әлі конкурс бар, екінші кезең бар. Яғни пәтерді таңдау кезеңі бар. 344 адам өзара тең конкурсқа қатысып, өзара жарысады. Кім, мысалы, мүгедек баласы бар жанұя таласып қалса, кім ертерек тұрды, сол жеңімпаз болады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →