×

Риддер әкімі қайтыс болды

Ол 2020 жылдан бері қаланы басқарып келген

Риддер әкімі қайтыс болды
gov.kz

Риддер әкімі Дмитрий Горковой қайтыс болды, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Риддер қалалық порталына сілтеме жасап.

"Бүгін қаламыздың әкімі Горьков Дмитрий Анатольевич мезгілсіз дүниеден өтті. Оның жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлайды басылым.

Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.

2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →