×

Шетел азаматы еліміздің оңтүстігінде теракт жасауға дайындалған - ҰҚК

Комитет өкілдерінің мәліметінше, Астанада да радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған

Шетел азаматы еліміздің оңтүстігінде теракт жасауға дайындалған - ҰҚК
ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Оңтүстік Қазақстанда шетелдік ер адам қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террорист әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Астанада радикал дін ұстаған топтың 8 мүшесі террорист топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар, өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Осыған ұқсас деректер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, тағы 4 қазақстандық әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Бұл қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталық 188 оқу-жаттығу өткізді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →