×

Атырау облысында жайылымдық жерде мұнай сыртқа төгіліп жатыр

Алайда өріске қара алтын төгіп, қоршаған ортаны кім ластағанын экологтар да, жергілікті билік те білмейді

Атырау облысында жайылымдық жерде мұнай сыртқа төгіліп жатыр
Фото: кадрдан үзінді

Атырау облысының Махамбет ауданындағы мал жайылатын аумақтан мұнай шығып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Алайда өріске қара алтын төгіп, қоршаған ортаны кім ластағанын экологтар да, жергілікті билік те білмейді. 

Көлемі 120 шаршы метрді алып жатқан бұл аумақтан кезінде ұңғыма қазылыпты. Кейін жер қойнауын пайдаланушы компания сол күйі тастап кеткен. Қазір жер де, ұңғыма да мемлекет меншігінде көрінеді. Сондықтан мұнай төгілген аумақты қоршау және тазалау жұмысы Махамбет ауданының әкімдігіне жүктелген. Алайда әкімдіктегілер бұл ұңғыманы бітеп, тазалау оңай жұмыс емес деп отыр. Тіпті шенеуніктер ұңғыма қазып, жайылымды ластаған қай компания екенін де ашып айта алмады.

“Бізге бұл оңтүстік Бәйменке кен орындағы К3 ұңғымасы делінген мәлімет жолдады. Кімге тиесілі екенін бізге айтқан жоқ. Қазір мемлекет меншігінде деген жауап келді. Енді әкімдік жер заңнамасына сәйкес жердің иесі кімге тиесілі, сол жердің иесі тазалап, қалпына келтіруге, айналымға қосуға міндетті”, – дейді Атырау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы
Бүгін, 16:19

Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы

Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →