×

Оралда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы анықталды

Нәрестенің жағдайы орташа ауыр

Оралда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы анықталды
ашық дереккөзден

Оралда қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне (қауiптi жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа не 45 тәулікке дейін қамаққа алуға жазаланады», - деді Б.Нұрғожин.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, нәрестенің жағдайы интоксикация, гипотермия және гипогликемия белгілеріне байланысты орташа ауыр.

15 мл сүтті өздігінен ішеді.

Бүгінгі салмағы - 2990 грамм, бойы 52 см. КТ бойынша мидың гипоксия белгілері (оттегі жетіспеуі), ЭхоКГ бойынша жүректің сопақша терезесі 0,2 см ашық.

Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі бойынша бауыр паренхимасында орташа өзгерістер анықталған.

«Сәби кеше ауруханаға түскенге дейін 7-8 сағат бұрын дүниеге келген деп санаймыз», - дейді дәрігерлер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың табылғанын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді
Бүгін, 15:11

Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.
АҚШ президенті соғысты тоқтатуға бар күшін салатынын мәлімдеді.
Үш жылдан бері күдікті қашып жүрген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →