×

Алматыда сот Қаңтарда қаза тапқан бес адамды айыпты деп тапты. Марқұмдар әкімдікке шабуылдады деп айыпталған

Елде тергеу мен сот Қаңтарда оққа ұшып қаза тапқан адамдардың кейбірінің сүйегін қазып алып, қайта тексерген

Алматыда сот Қаңтарда қаза тапқан бес адамды айыпты деп тапты. Марқұмдар әкімдікке шабуылдады деп айыпталған
Фото: Ерлан Жұмаев

2 мамырда Алматыдағы Бостандық ауданы №2 соты Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бес марқұм Серік Керімов, Қанат Әубәкіров, Нұрболат Қасымжанов, Аслан Уалиев, Шыңғыс Тастанбековті айыпты деп таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі azattyq.org-ке сілтеме жасап.

Сот Керімов, Әубәкіров, Қасымжанов және Уәлиевті "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "сөз байланысып мемлекеттік ғимаратқа шабуылдады" деп айыптаса, Тастанбековке "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылды.

Прокурор сотта бес марқұм Алматыдағы әкімдікке және президент резиденциясына шабуыл жасады және кінәлары толық дәлелденді деді. Бес айыпталушы да Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан.

Айыпты деп танылған марқұмдардың жақындары сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеп, апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

Мәселен, Шыңғыс Тастанбековтің әпкесі Шынар Тастанбекова соттан кейін Qazaq Times сайтына "бұл – аруақтарды қорлау, жоғарғы инстанцияға шағымданамыз" деді.

Қазақстанда былтыр болған Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бірнеше адам бұған дейін де айыпты деп танылған. Биыл ақпанда Таразда Қаңтар қырғыны кезінде мерт болған алты адам "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "қару алып жүрді" деп айыпталған. Олардың арасында оққа ұшқан 17 жастағы Андрей Опушиев те бар. Бұл соттар қоғамда "аруақтар соты" аталып кеткен еді.

Бұдан бөлек елде тергеу мен сот Қаңтарда оққа ұшып қаза тапқан адамдардың кейбірінің сүйегін қазып алып, қайта тексерген. Марқұмдардың жақындары да бұған қарсы болған.

  • 238 адамның өмірін қиған Қаңтар қырғыны бойынша сот процестері аяқталып келеді. Бас прокуратураның мәліметінше, елде 1600-ден астам адамға Қаңтар бойынша үкім шыққан. Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Атырау және Талдықорған қалаларында жүздеген адамның соты өткен. Оларға "жаппай тәртіпсіздік", "қару-жарақ ұрлау", "ғимараттарды басып алу" және өзге де баптар бойынша айып тағылған. Елде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған біраз адам рақымшылық заңымен босап шыққан.
  • Осыған дейін кейбір айыпталушылардың жақындары мен адвокаттары тергеу органдары істерді "біржақты қарағанын" айтып, "тергеу органдарының әділетсіздігіне" шағымданған. Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған азаматтар қаза болған марқұмдарды ақтауды талап етіп, Астанаға дейін де барған. Олар "жақындарының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы барын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоғын" айтып, "әділетсіз үкімдердің" күшін жоюды сұраған. Осыған қатысты сұрақтарға жауап берген билік пен құқық қорғау орган өкілдері "тергеу мен сот процестері әлі толық аяқталмағанын" алға тартып келеді.
  • Қаңтар кезінде оққа ұшқан және азапталған азаматтарға қатысты шағымдардың басым бөлігі қаралмағанын құқық қорғаушылар мен белсенділер, саясаткерлер сынаған.
  • Қаңтар бойынша құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің бірқатары "билік өкілетін асыра пайдалану", "әрекетсіздік таныту", "азаптау" баптары бойынша жауапқа тартылған. Алайда құқық қорғаушылар "Қаңтардағы қантөгістің шындығы толық ашылмады, бейбіт наразылардың өліміне кінәлілер толық жауапқа тартылған жоқ" деп есептейді. Билік Қаңтарды халықаралық дәрежеде тергеуді ұсынған құқық қорғаушылардың ұсынысын кері қайтарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →