×

DamuBala істемей тұр: Алматылық ата-аналар баласын тегін үйірмеге жаза алмады

Бұл жағдайға орай DamuBala жүйесі ресми түсінік берді.

DamuBala істемей тұр: Алматылық ата-аналар баласын тегін үйірмеге жаза алмады
Ашық дереккөздерден

Бүгін кешкі 18.00-де алматылық ата-аналар үшін баласын үйірмеге кезекке тұрғызу басталды. Алайда көпшілігі кезекке жазыла алмады. Өйткені DamuBala платформасы дұрыс жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жағдайға орай DamuBala жүйесі ресми түсінік берді.

«Құрметті DamuBala жүйесін қолданушылар! Өкінішке қарай, бізге байланысты емес себептермен Алматыда кезекке тұру мүмкіндігі бүгін жүзеге аспады. Кезектің ашықтығы пен оның әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін кезекке тұру ертең, яғни 3 мамыр сағат 18:00-де қайта басталады»,- деп жазды тегін үйірмелер мен секциялар бағдарламасының операторы Instagram парақшасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды
Кеше, 16:53

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →