×

Отставкаға кетпеймін, өйткені менен халыққа пайда көп – Жигули Дайрабаев

Тілшілер депутаттан балаларына байланысты неге кешірім сұрамағанын білмек болған

Отставкаға кетпеймін, өйткені менен халыққа пайда көп – Жигули Дайрабаев
Sputnik / Абзал Калиев

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Мәжілістің кулуарында істі болған ұлдары үшін отставкаға кетпейтінін тағы да қайталап айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Тілшілер депутаттан балаларына байланысты неге кешірім сұрамағанын білмек болған.

«Маған қоятын кінәсі болса, соны айтыңыз. Сол үшін кешірім сұраймын. Балаларым өз тірлігіне өздері жауап береді. Мені айыпты етпеңіздер. Баларымның тәрбиесіне қатысты айтар болсам, оны уақыт көрсетеді. Алдын ала сәуегейлік жасай алмаймын. Оны құқық қорғау органдары шешеді. Мен сот жұмысына араласа алмаймын», –  деді Жигули Дайрабаев.

 Журналистер шетелде осындай жағдай болса, депутаттардың отставкаға кетіп жататынын айтып, “мандатты қымбат санайсыз ба” деп сұрады.

«Менің отставкаға кеткенімнен, өздеріңіз сияқты қазақ халқына тигізер пайдам көп», - деді мәжілісмен.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион»құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. 

Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →