×

Алматыда алғашқы 46 минутта 15 мың бала тегін үйірмеге кезекке тұрып үлгерді

Бүкіл орындар толып қойды

Алматыда алғашқы 46 минутта 15 мың бала тегін үйірмеге кезекке тұрып үлгерді
Ашық дереккөздерден

Алматыда балаларды тегін үйірме мен секцияға кезекке қоятын DamuBala платформасында 46 минут ішінде бүкіл орындар толып қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні DamuBala платформасы дұрыс жұмыс істемеген соң ата-аналар баласын кезекке тұрғыза алмаған еді.

Платформа тек 3 мамыр, сәрсенбі күні 18.00-де іске қосылды.

«Бірінші кезеңде ваучер алу үшін балаларын кезекке тіркеп үлгергендердің бәрін құттықтаймыз. 46 минутта Алматыда 15 мың бала кезекке тіркелді. Ата-аналар жүйедегі жеке кабинетінде балаларының кезекте тұрған нөмірін бақылай алады. Жақын уақытта баланы кезекке жазудың екінші кезеңі хабарланады. Бюджет көлемі шеңберінде кезек қалыптасқан соң тіркелген балаларға ваучер беріледі. Осыдан кейін қызмет көрсетушілерге қажетті құжаттарды жинап, оларды жүйеге енгізу үшін 10 күн беріледі. Қызмет көрсетушіге қажетті құжаттар тапсырылған соң ол тұрақты ваучерді өз тарапынан белсендіреді», - деп түсіндірді бағдарлама операторы Instagram парақшасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістандық блогер Талғарға Хасанды іздеп барды
Кеше, 23:50

Түркістандық блогер Талғарға Хасанды іздеп барды

Хасан өзі жайлы әлеуметтік желіден естіген
Бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған.
Келушілер мейрамханадан шығып үлгерді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →