×

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

Басқарманың талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды
Фото: AFP 2023 / ALEXANDER BOGDANOV

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі бойындағы төрт қабатты 24-ші үй заңсыз тұрғызылған, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды.

"2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды, алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және Жоғарғы Сотта қаралды. 2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды", –  дейді ведомстводағылар.

Қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті. Сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз салынған нысанды бұзу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →