×

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды

Прокурор оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды
Ашық дереккөздерден

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

№ 2 қалалық сотында ҚК 146-бабының 1-бөлігі бойынша қысқартылған тәртіппен азаптау, яғни жәбірленушіге физикалық және психикалық азап көрсету фактісі бойынша Павлодар ауданының полиция бөлімінің аға жедел уәкіліне қатысты іс қаралды.

Іс материал бойынша, сотталушы 2022 жылғы 20 қазанда және 22 қарашада Павлодар аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі бола отырып, ұрлық жасағанын мойындату мақсатында зардап шеккен азаматты азаптап, тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Сондай-ақ балағат сөздер айтқан, ашық алақанмен бет аймағынан, кейінірек оң қолымен жұдырықпен бастың артқы жағынан ұрған.

Прокурор үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →