×

Атырауда жаңа 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

25 адам эвакуацияланды

Атырауда жаңа 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді
AtyrauPress

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Бұл - жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешені, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылғы 5 мамыр күні 19:22 сағатта Атыраудағы Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты "Лагуна" тұрғын үй кешенінің шатыр бөлігінде өрт шықты.

"Үйдің жалпы ауданы 1 500 шаршы метр, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дереу шақырту орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

1 сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы 50 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылды.

Ал полицияның хабарлауынша, тұрғын үй кешенінен 25 адам эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →