×

Конгода су тасқынынан 176 адам қаза болды

Түні бойы жауын жауып, өзен арнасынан тасыған

Конгода су тасқынынан 176 адам қаза болды
AP Photo / K.M. Chuadary

Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бушушу және Ньямукуби ауылдарында түні бойы нөсер жауын жауып, Чибира өзені арнасынан тасыған. Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін апаттан 72 адам мерт болғаны туралы жазылған еді.

Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →