×

«Жақында той жасаймын»: Медеудегі өртте қаза тапқан Арслан Құрманбеков жаңа дерек шықты

Оны өлімге бас тігіп, өрт сөндіруге бірге барған үзеңгілестері айтып отыр

«Жақында той жасаймын»: Медеудегі өртте қаза тапқан Арслан Құрманбеков жаңа дерек шықты

«Жақында той жасаймын». Бұл – Медеу шатқалында шыққан өртті өшіремін деп ерлікпен қаза болған 28 жастағы Арслан Құрманбековтің жиі айтатын сөзі. Оны өлімге бас тігіп, өрт сөндіруге бірге барған үзеңгілестері айтып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бұл – ерлікпен қаза болған өрт сөндірушінің соңғы сапары. Қауіпті қызметіне қаймықпастан кетіп бара жатқанын бөлімшедегі бейнекамера басып алыпты. Тонналап су толтырып, толық шыққан өрт сөндіру көлігінің қайтарда бір орыны бос қайтарын ол кезде ешкім білмеген.  

– Иә, қасымды болды. Бәріміз бірге көтеріліп, өртті сөндірдік. Техникалық қауіпсіздікті сақтап, жоғалтып алмау үшін бір-бірімізге жақын жүрдік, – деді Медеу ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау лейтенанты Шыңғыс Әбитов.

Тілсіз жауды тізгіндемекке келіп марқұм болған өрт сөндіруші қара жалынмен арпалысып жатқанда қарағайдың қалың томары төбесіне құлаған. Есін жоғалтқан азаматты әріптестері төмен алып түскен. Бірақ ажалға араша бола алмады.

«Жұмысына ерекше беріліп, еңбек еткен ер мінезді жігіттің қалтқысыз қызметінің әр күнін батырлыққа балауға болады» дейді бөлім бастығы. Өйткені төтеншеліктердің жұмысы қауіпті.

– Арслан 2015 жылдан бері №7 өрт сөндіру бөлімінде істейді. Соңғы сапарға бөлімнің күшейтілген құрамымен аттанды. Сол күні күліп, ерекше жарқырап жүрді. Той уақытын белгілеп, «құдай бұйырса келесіздер ғой» деп бәрімізді шақырған еді. «Ол енді жоқ» дегенге әлі ешкім сене алмай жүр, – деді Медеу ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айдар Ермұхамбетов.

– Құқық қорғау қызметі туралы заңға сәйкес, қаза тапқан қызметкеріміздің анасына айлық ақшалай қаражатты 5 жыл жұмыс жасағаны үшін, шамамен 13 миллион теңге, бір жолғы өтемақы төленеді. Сонымен қатар жерлеуге қатысты 600 мың теңге шығынын өтеледі, – деді Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бастығы Айдар Сқабаев.

Сонымен қатар марқұмның отбасына пәтер берілуі де мүмкін. Төтенше жағдайлар департамент өкілдерінің айтуынша, әкімдік өкілдеріне тиісті құжаттар жіберілген. Ал марқұм 9 мамырда жер қойнына тапсырылған еді.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →