×

Тұрғын үймен ең аз қамтылған 3 өңір белгілі болды

Елде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрайды

Тұрғын үймен ең аз қамтылған 3 өңір белгілі болды
Дереккөзі: ranking.kz

Қазақстандағы 12 өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрады. Бұл БҰҰ стандарттарынан айтарлықтай төмен. 

"БҰҰ мәліметінше, дамыған елдерде ең төменгі стандарт жан басына шаққанда 30 шаршы метр болуы тиіс. Ал кей елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету 60 шаршы метрден асады. Осыған сәйкес әлемдік стандарттардан әлдеқайда төмен Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті деп айтуға болады. Еліміздің 20 ірі өңірінің 12-сінде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен. Тұрғын үймен ең аз қамтылғандар – Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының тұрғындары", – делінген ақпаратта.

 

Ипотекалық несие нарығындағы Отбасы банкінің 2022 жылғы несиелік үлесі 58 пайызға жеткен. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →