×

Павлодар облысында өрт кезінде 11 жастағы бала қайтыс болды

Өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

Павлодар облысында өрт кезінде 11 жастағы бала қайтыс болды

Павлодар облысында өрт кезінде 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 02:03-те 101 пультіне Успен ауданы Новопокровка ауылдық аймағының әкімінен Галицкое ауылында Интернациональная көшесі, 18 мекенжайы бойында бес бөлмелі кірпіштен салынған жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама  түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде жартылай қираған шатырдың ағаш құрылымдары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады. Өз бетімен төрт адам эвакуацияланған. 

«Өрт салдарынан зардап шеккен 1986 жылғы үй иесі Павлодар қаласындағы №1  ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесін екінші-үшінші дәрежелі 30 пайыз күйік шалған,  жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тілсіз жау сағат 03.52-де оқшауланып, сағат 04.40-та сөндірілді. Сағат 05.05-те  дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу және өртті жою кезінде 2012 жылғы ер баланың денесі табылды», – деді департаментте. 

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен үш техника мен 7 қызметкер, сондай-ақ 101 және 103 қызметтері жұмылдырылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →