×

Кентауда атпен жүрген адам бүлдіршінді таптап кетті – ВИДЕО

Кентауда атпен жүрген адам бүлдіршінді таптап кетті – ВИДЕО

Түркістан облысы Кентау қаласында атқа мінген адам саябақта серуендеп жүрген бірнеше бүлдіршінді таптап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 9 мамыр күні кешкі уақытта болған. Тұрғындардың бірі өз жазбасында көпшілік серуендейтін орындарда атпен жүруге тыйым салу керектігін алға тартып, жергілікті әкімдік пен депутаттардан, полициядан араша сұраған.

«Саябақта сайраңдап, қатты шауып жүрген азамат бірнеше бүлдіршінді қағып кеткен. Бір бүлдіршін танысымның қызы. Артынан қуғанда ұстатпаған. Бүгін 2-3 адамды қағып, жазасыз жүрсе, ертең не болмақ?! Қаншама бала-шаға жүр. Ертең біреудің баласы өлсе не болмақ? ! Маған ата-анасы «не істейміз?» деп жіберді. Бұл ойнайтын нәрсе емес. Тапа-тал түсте қызды зорламақ болады, ал кешке атпен қағады. Халықта құқық қорғау органдарына деген сенім сейіліп барады», – деп жазды Гүлжан Серік есімді желі қолданушысы.

Автор желідегі парақшасында саябақтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған  үзінді видео да жариялады. Көп ұзамай Кентау қалалық әкімдігіндегілер бұл жайт бақылауға алынғанын, құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаны растады. Бұл туралы полицияға қалалық орталық  ауруханасындағылар хабарлаған. Полицияның мәліметінше, саябақта ата-анасымен кетіп бара жатқан кішкентай қызды жылқысын игере алмай қалған тұрғын соғып, құлатқан.

«Аталған жайт Кентау қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Алайда әкесі кішкентай қызының дене жарақатын алмағанына байланысты арыз жазудан бас тартты.  Қазір тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →