×

Тараздық дәрігерлер 12 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алып шықты

Қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған

Тараздық дәрігерлер 12 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алып шықты
Ашық дереккөздерден

Тараз дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден асатын кесек шашты алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде Тараздың 12 жастағы тұрғынына сирек диагноз қойылып, соның салдарынан асқазанда шаш кесегі (трихобезоар) жиналды.

Анасының айтуынша, қыздың кейінгі 6 айда іші жиі ауырған, тәбеті төмендеген, салмақ жоғалтқан. Олар емханаға гастроэнтерологқа барып, ем алған. Алайда нәтиже болмаған соң Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы балалар хирургына консультация алу үшін жүгінген, ауруханада арнайы зерттеп-қараудан (УДЗ, іш қуысының КТ, ФГДЭС) өткеннен кейін асқазанда бөгде зат табылды. Қыз шұғыл емдеуге түсті.

«Пациенттің асқазанынан шамамен 1,2 келі бөгде зат – трихобезоара (шаш кесегі) алынды. Мамандардың білігінің арқасында ішкі ағзаларға зақым келтірместен асқазан-ішек жолдарының тұтастығын сақтап қалған. Қазір қыз отадан кейін қалпына келіп жатыр», – деді дәрігерлер.

Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бүгін, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →