×

Қазақстан іш киімді Қытай мен Өзбекстаннан сатып алуда

Алайда елімізде мақта өсіріліп, мата дайындалады

Қазақстан іш киімді Қытай мен Өзбекстаннан сатып алуда
inbusiness.kz

Қазақстан мақта өсіріп, маталар дайындайтынына қарамастан, Қытай мен Өзбекстаннан іш киімдер сатып алуда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ZTB-ға сілтеме жасап.

Мұндай тауарларға негізгі қажеттіліктер импорт есебінен өтеледі. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған кедендік статистикасы халықтың аталған тауарларға қанша ақша жұмсайтынын есептеуге мүмкіндік береді. Яғни 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іш киімнің екі түрі бойынша импорттың құны 77,2 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал негізгі импорттаушы елдер Өзбекстан мен Қытай болып саналады.

«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ресурстар мен пайдалану балансының деректеріне сүйенсек, өткен жылы Қазақстан нарығындағы іш киімнің өндіріс үлесі небәрі 1,2 пайызды, ал импорт үлесі - 98,8 пайызды құрады. 5 жыл бұрын да жағдай дәл осындай болған, түбегейлі ештеңе өзгерген жоқ. Былтыр қазақстандық кәсіпорындарда іш киім өндірісінің көлемі небәрі 1,9 млн дана болды, ішкі нарықта жалпы сатылым көлемі 150,2 млн дана»,- делінген хабарламаның жалпы сипатында.

Дегенмен, Түркістан облысының әкімдігі өңірде бірнеше жылдың ішінде тиісті инфрақұрылымы бар логистикалық хаб құрылатынын айтты. Яғни 2026 жылы Мақтаарал ауданында мақта өңдеу зауыты мен тоқыма мата шығаратын фабрика ашу жоспарланып отырған көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →