×

Алматы облысында ер адам қыздарын зорлады деп айыпталды

Апалы-сіңілі полиция қорғауына алынды

Алматы облысында ер адам қыздарын зорлады деп айыпталды
видеодан кадр

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 мамырда 2001 жылғы Ц. мен 2003 жылғы Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген - "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

"Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі 57 жастағы күдікті Ц. есімді ер адам анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантымен аса ауыр қылмыстардың мән-жайы жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →