×

Жаңа заң журналистерді Үкіметке жығып беру үшін керек пе – Ринат Зайытов

Депутат тәуелсіз журналистерге қысым көрсету жиілеп кете ме деп алаңдаушылық білдірді

Жаңа заң журналистерді Үкіметке жығып беру үшін керек пе – Ринат Зайытов
baq.kz

Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Депутат Ринат Зайытов бұл заң қабылданып кетсе, тәуелсіз журналистерге қысым көрсету жиілеп кете ме деп алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мына заң не үшін керек болып отыр. Журналистерді Үкіметке жығып беруге ме, әлде шынымен де журналистердің мәртебесін өсіруге қажет пе? Бірақ нақты жауап бере алмайтынын білемін. Сондықтан сұрақты айналдырып қояйын. Журналистердің әлеуметтік мәселесін айтып жатырмыз. Алайда қасқырға гауһардан үйшік салып берсеңіз де, бақытты ете алмайсыз. Оның өзіндік тағылығы, жыртқыштығы бар. Сол секілді тәуелсіз журналистер деген бар. Олар қайда қалады?» – деді Ринат Зайытов.

Депутат егер заңды қабылдасақ, тәуелсіз журналистерді не істейсіздер деп сұрады. Олардың жағдайы қалай болатынын білуге тырысты. 

«Министрлік журналистерді бөлмейді. Тәуелсіз немесе мемлекеттік журналист деген ұғым жоқ. Мемлекеттік арналарда істейтін журналистерді кемсітпейік», –  дейді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды
Бүгін, 16:25

Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды

Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді.
Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →