×

Министр Сүлейменова Абай облысында неге жылағанын айтты

Желіде министрдің жылап тұрған видеосы тараған еді

Министр Сүлейменова Абай облысында неге жылағанын айтты
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысында неге жылағанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Министр көз жасын әлсіздік деп есептемейді екен.

«Мен бұл әлсіздік демес едім, мен шынайы адаммын. Туған-туыстарынан айырылған адамдардың қайғысына шынында қабырғам қайысты. Бір отбасынан әке мен бала кетіпті. Мен осы отбасылардың бәріне бардым. Олардың бәрі де орман шаруашылығымен байланысты адамдар. Шынайы қайғыға ортақтасу – адамның әлсіздігі деп есептемеймін», –  дейді Сүлейменова.

Еске сала кетсек, желіде Абай облысында қаза болған орманшылардың туған-туыстарымен кездескен кезде Зүлфия Сүлейменованың жылап тұрған видеосы тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →