×

"Би-2" тобы Семейдегі концертке дайындалып жатқанын айтты

Ұйымдастырушының айтуынша, концерттің тоқтатылатыны жайлы ешкім ескертпеген

"Би-2" тобы Семейдегі концертке дайындалып жатқанын айтты
Сергей Бобылев / ТАСС

Семейде өтеді деп жоспарланған "Би-2" концертінің ұйымдастырушылары шараға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

21 маусымда Қазақстан бойынша "Би-2" танымал тобының гастрольдік сапары Семей қаласына жоспарланған.

Tengrinews.kz тілшілері концертті ұйымдастырушылардың бірі Ольга Лимен телефон арқылы сөйлесті.

Оның айтуынша, топ Семейде жүр және концертке дайындалып жатыр. Әлі күнге дейін қала әкімшілігінен концерттің тоқтатылатыны туралы ресми ақпарат алмаған.

"Біздің ресми ақпарат көздерімізде әлі ештеңе шыққан жоқ. Мен бұл жайтқа түсініктеме бере алмаймын. Қазіргі уақытта біз монтаждау жұмыстарын жүргізіп және концертке дайындалып жатырмыз. Егер тоқтатылатын болса, қала басшылығы барлық міндеттемелерді өз мойнына алады. Олар нақты дәлелдерді көрсетсін сосын әртістерге және басқаларға жұмсалған шығындар туралы толық түсіндірсін. Концерт ертең болады. Бізге ешкім ескертпеді, қоңырау шалмады, хат жібермеді. Әртістер Семей қаласында орналасты", –  деді гастрольді ұйымдастырушы Ольга Ли.

Айта кетейік, осыған дейін "Би-2" тобының музыканттары концертті ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, Абай облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты Семейдегі концерттен түскен қаражатты өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударатындығын мәлімдеді.

Осыған дейін Семей әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірген болатын. Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын айтты.

Еске салайық, Семей қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында концерттің тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Кейбір пікір жазушылар шенеуніктердің әрекетін сынға алды. Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →