×

Германия Президенті Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету жайлы пікір білдірді

Оның айтуынша, виза мәселесі ЕО деңгейінде қарастырылып жатыр

Германия Президенті Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету жайлы пікір білдірді
Telegram/ Aqorda

Германия президентіне Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Бұл өте маңызды аспект. Біз Қазақстан азаматтарының Германияға, сондай-ақ Германия азаматтарының Қазақстанға баруын барынша жеңілдетуге мүдделіміз. Өздеріңіз білетіндей, виза мәселелері Еуроодақ деңгейінде қарастырылып жатыр. Еуропалық агенттіктер Сондықтан біз ЕО-ның бұл мәселедегі күш-жігерін қолдаймыз», - деп жауап берді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізген болатын. Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

 

Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға арнайы шақырғаны және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол шағын құрамдағы келіссөз табысты өткенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді.

Германияның Федералды Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біршама құжаттарға қол қойылды. Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →