×

"Өзенмұнайгаз" бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Қызметтік өкілетін пайдаланған деген күдікпен

"Өзенмұнайгаз" бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
ozen.kz

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Е. Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілетін пайдаланған деп күдікке ілінген.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген және мыңнан аса қызметкердің құқығын бұзып, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған.

ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жарияланбайды.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады
Бүгін, 12:14

"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады

Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты
Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →