×

Грузиядағы қазақcтандық журналистің өлімі: жаңа мәліметтер пайда болды

Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты Тбилисиде баспасөз конференциясы өтті

Грузиядағы қазақcтандық журналистің өлімі: жаңа мәліметтер пайда болды
Facebook/Ерболат Алтайұлы

Қазақстандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты Тбилисиде баспасөз конференциясы өткенін айтып, осы қайғылы оқиғаның кейбір жайттарын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Күдікті Габриэль Хохобашвили Жанбота Төлегенмен 2015 жылдан бері қарым-қатынаста болған, бірақ олар бірге тұрмаған. Ол талай рет келіп, әр жолы Жанботадан ақша бопсалаған. Ол Жанботаның сенімін пайдаланған», – дейді Таңсәрі.

Таңсәрінің айтуынша, ер адам Жанботаны алдап, мүлікті сатып, ақшаның бәрін айырбастауға көндірген. 18 мамырда үй сатылып кеткен, 20-сы күні олар Тбилисиде болған, ал 21-і күні ол Жанботаны басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін Кахетидегі өзенге лақтырып жіберген. Ер адам кісі өлтірудегі кінәсін мойындады, бірақ ақшаны иемдену үшін қасақана жасағанын жоққа шығарды.

Сондай-ақ құқық қорғаушы Хохобашвили Төлегенге Грузияда емдеуге уәде бергенін де айтты. Жанбота 3-ші топтағы мүгедек болған, соңғы уақытта онкологиялық аурудың ерте сатысымен ауырып жүрген.

Егер қылмыскердің ниеті және материалдық мүддесі дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, қазақстандық журналист Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапқан болатын

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Бүгін, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →