×

Грузияда қазақстандық журналист кісі қолынан қаза тапты

СІМ ақпаратты растады

Грузияда қазақстандық журналист кісі қолынан қаза тапты
facebook.com/Ерболат Алтайұлы

Қазақстан азаматы Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапты. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан азаматының Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны рас. Осы жылдың 24 мамырында Қазақстанның Тбилиси қаласындағы Елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан азаматының кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат түсті. Күдікті адам ұсталды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өлтіру мән-жайы мен күдікті жайлы мәліметтер жарияланбайды», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, Қазақстан азаматы Грузияға жеке сапармен барған және оқиғаның кәсіби қызметіне қатысы жоқ.

«Қайтыс болған азаматтың денесі Отанына жеткізіліп, 2 маусымда жер қойнына берілді. Грузиядағы Қазақстан консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста және бұл мәселені бақылауында ұстап отыр», - деді ресми өкіл.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →