×

Алматы облысындағы әкімдік қызметкерлерін түрмеге жіберді

Отызға жуық шенеунік түзеу мекемесінде болды

Алматы облысындағы әкімдік қызметкерлерін түрмеге жіберді

Алматы облысы әкімдігі қызметкерлерін түрмеге жіберді. Отызға жуық шенеунік Заречныйдағы ЛА 155/12 түзеу мекемесінің қабырғасында болды, деп хабарлайды qaz365.kz

Мұндай ерекше экскурсияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері ұйымдастырған. Мақсат — мемлекеттік қызметтегі шенеуніктерге түрме ауыртпашылығын көрсету, қылмысқа бармауына түрткі болу. Әсіресе сыбайлас жемқорлықтың салдары қалай болатынын түсіндіру көзделген.

“Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оларды «қамаудағылар әлеміне батыру» мақсаты көзделді. Осылайша шенеуніктердің санасын өзгертіп, жемқорлыққа жол бермеуіне себеп болуға тырысып отырмыз”

— дейді агенттік қызметкері Таймерденов.

Шара соңында қапас ішін көзбен көріп шыққан шенеуніктер қатты қорқып қалғанын мойындаған. Жалпы өңірде соңғы 11 ай ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысымен 106 іс тіркелсе, соның 68-і мемлекеттік қызметкерлерге қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған
Бүгін, 18:16

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған

Олардың бірінің әкесіне әкімшілік іс қозғалды
Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді
Ардақ Назаров журналистерге рахмет айтуды да ұмытпады
Ол ерлі-зайыпты адвокаттармен кездесуге тырысып, кешірім сұрағанын және ем-дом жағынан көмектесуді ұсынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →