×

Айдар Әбілдабеков СИМ Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Осыған дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған

Айдар Әбілдабеков СИМ Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
gov.kz

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2010-2022 жылдары ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: ҚР Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бүгін, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →