×

"Лукойл Қазақстан Апстрим" мен "ҚазМұнайГаз" мұнай барлау жобасын жабатын болды

Өкінішке қарай, көмірсутек қоры анықталмады

"Лукойл Қазақстан Апстрим" мен "ҚазМұнайГаз" мұнай барлау жобасын жабатын болды
gov.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) және "Лукойл Қазақстан Апстрим" ЖШС Каспий теңізіндегі бірлескен "Жеңіс" геологиялық мұнай барлау жобасын жабатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚМГ баспасөз қызметінің хабарлауынша, геологиялық барлау саласында нәтижені дөп басып айту қиын. Бұрғылау қорытындысы бойынша, көмірсутек қоры болжанған көрсеткіштен төмен болуы ықтимал, кейде тіпті ұңғыма бос болып шығуы мүмкін. Әлемдік статистикаға сәйкес, болжам деңгейі 20-30%-ды құраса, табысқа жету әбден мүмкін, бұл тәуекелге барып, инвестиция тартуға негіз бола алады.

"Жеңіс" - геологиялық барлау бағытындағы оффшорлық мұнай-газ жобасы. Операторы – "Жеңіс Оперейтинг" ЖШС және "Лукойл Қазақстан Апстрим" ЖШС, бұл компаниялардың жобаға қатысу үлесі 50/50.

"Жобаға кіріспес бұрын оның нәтижелі болуы 20% деңгейінде бағаланды. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және учаскенің өнімді болуын нақтылау үшін кэрри-қаржыландыру тетігі бойынша Серіктестің ("Лукойл" компаниясының) инвестициясы тартылды", – деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

Кэрри-қаржыландыру дегеніміз геологиялық барлау кезеңінде жобаға қатысушы Серіктес инвестицияның 100%-ын салып, алдағы уақытта өндіру есебінен бұл шығынын қайтарады. Ал геологиялық барлау кезеңі сәтсіз аяқталған жағдайда, жұмсалған шығын өтелмейді.

"Өкінішке қарай, "Жеңіс" құрылымында іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау жұмысы нәтиже бермеді, көмірсутек қоры анықталмады. Геологиялық болжам расталмады. Дегенмен, геологиялық бұрғылау жұмысының нәтижесінде алдағы уақытта ҚМГ-ның басқа да жобаларына қажетті жер қойнауының құрылымы туралы қосымша ақпарат алынды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіпті дамыту саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу жайы талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →