×

Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

Айыпталушы 2023 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қамауда болады

Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды
КТК телеарнасының кадры

Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т есімді әйелге қатысты "ауыр қылмыс жасады" деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы қолданылып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айыпталушы 2023 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қамауда болады.

Еске сала кетейік, Алматыда әйел өзінің жеті жасар өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Қыздың туыстары өгей анасы баланы бірнеше ай бойы ұрып-соғып келгенін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →