×

Астана әуежайы жөндеу жұмысына байланысты жолаушыларға ескерту жасады

15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағында жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі

Астана әуежайы жөндеу жұмысына байланысты жолаушыларға ескерту жасады
Ашық дереккөздерден

Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағын жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

«15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал», - деп ескертеді әуежай әкімшілігі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →