×

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін тағы жарты жылға сотталды

Ол 10 жылға сотталған болатын

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін тағы жарты жылға сотталды
ашық дереккөзден

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жаңа мерзім алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.

"Сот істің барлық материалдарын зерттеді. Серік Күдебаевтың заң бұзып, Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені анықталды. Осылайша қамауға алынған соң елге экстрадицияланды. Сондықтан алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді судья Әсем Елемес.

Жалпы жаза негізінде және ішінара қосу арқылы Күдебаев 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Айта кетейік, ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялаған.

27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →