×

Саунадағы лагерь. Ата-аналар мәселені өздері шешкенін айтады

Саунадағы лагерь. Ата-аналар мәселені өздері шешкенін айтады
Qaz365.kz

«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағы алматылық мектеп оқушыларының лагерьге барамыз деп, саунаға тап болғаны қоғамда резонанс тудырды. Енді осы мәселені балалардың ата-аналары өздері шешкен. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне белсенді ата-аналардың бірі Гүлшат Мананова айтып берді.

«Алматы қаласының білім басқармасы біздің балаларымызға арналған лагерь табуға уәде берді. Олар лагерьлердің тізімін ұсынуы керек еді. Сосын олармен бірге барып, жақсысын таңдауымыз керек болған. Бірақ бізге тізім берілмеді, белгіленген күні таңертең лагерьдің орнына саунаға барған балалардың ата-аналары жиналдық. Сөйтіп, өзіміз «Арман дала» лагерін тауып бардық. Директормен келістік. Лагерьдің жұмысы жеті маусымға арналған, бірақ директор біздің жағдайымызды ескеріп, сегізінші маусымды ашты. Тек осында жеткенімізде ғана білім басқармасынан бір әйел келіп, лагерь директорымен сөйлесуге қатысты», - дейді Гүлшат Мананова.

Оның айтуынша, кейінірек Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамен кездесу өткен. Басқарма басшысы саунада болған 300 бала және «Жанұя» балалар үйінің 50 тәрбиеленушісі үшін лагерьдің сегізінші маусымын қаржыландыруға қаражат беруге келіскен.

«Одан бір күн бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспановамен кездестік. Алайда одан әлі күнге көмек болған жоқ. Алайда біз оны кінәламаймыз, оған ешқандай шағымымыз жоқ. Өйткені ол бірден Астанаға қандай да бір маңызды баспасөз конференциясына баратынын айтты. Осыдан кейін ғана байланысқа шығуы керек еді, бұған уақыт болмаған тәрізді», - деді Гүлшат.

Ол бір мәселеге әлі түсінбейтінін айтты. Себебі «Арман дала» лагері тендерге қатыспаған. Енді басқарма қаржыландыру мәселесін қалай шешіп жатқанын білмейді. Бірақ ата-аналарға Алматы қаласының білім басқармасы бұл мәселе шешілетінін айтқан.

Сондай-ақ, ата-аналар саунаға айналдырып жіберген даулы лагерьдің директоры Гүлнара Оразханқызымен қарым-қатынастары туралы айтты.

«Сол күннен бастап ол бізбен ешқандай байланысқа шықпады. Дүйсенбіде бәрі белгілі болуы мүмкін. Іс Жамбыл аудандық полиция басқармасынан Іле прокуратурасына ауыстырылды. Кеше ғана Алматы қаласының прокуратурасы істі Антикорға тапсырды», - деп атап өтті Гүлшат Мананова.


Белгілі болғандай, саунадағы лагерьде болған балалар 10 күннің орнына 18-24 тамыз аралығында тек 7 күн ғана демалады.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік бюджеттен 107 миллион теңге бөлінген 1150 балаға арналған балалар лагерінің сауна ғимаратынан ашылғаны белгілі болды.
Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатынын мәлімдеді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де Алматыдағы сауна ғимаратына орналастырылған балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді.
Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева соңғы күндері туындаған балалар лагеріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірді.
Ал депутат Нұргүл Тау лагерді ұйымдастыруға бюджеттен 107 млн теңге бөлінгенін айтты.
Лагерге барамыз деп, саунадан бір-ақ шыққан балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →